вторник, 22 апреля 2014 г.

22 сәуірде "Южный" ҚБ қызметкерлері «Сан қырлы талант иесі» атты кездесу кеш өткізді. Өмірін өнермен өрнектеген сахна шебері, Ілияс Омаров аындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының таңдаулы актері, Иманов Қабдол-Мәжит Сүндетұлы өзінің актерлік еңбек жолы туралы әңгімеледі. Рөлдерінің ішіндегі шоқтығы биік тұрған Ахмет Байтұрсыновтың бейнесіне тоқталып, «Міржақып» драмасынан үзінді орындады. Жастардың  актер болу үшін, адам бойында қандай қасиеттер болу керек деген және басқа сурақтарына қызықты жауап берді.
Жүргізуші актердің бойындағы тағы бір қасиетіне назар аударды. Оның шебер қолынан шыққан домбыра және бесік көремендерге үсынды. Студенттер де өз өнерін көрсетті.  Айтжанов Айдар «Торы жорға аттың бөгелек қағыу» және Негманов Нұрболат «Адай» кұйін орындады. 








Комментариев нет:

Отправить комментарий