среда, 18 февраля 2015 г.

          17 ақпанда «Южный» ҚБ қызметкерлері «Бабалар сөзі» сериясымен таныстыру мақсатында «Бабалар сөзі – байтақ қазына» тұсаукесер шолу өткізді. Іс–шараға М. Хәкімжанова атындағы № 20  6 «Б», «В» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат берді және осы бағдарлама Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқанына назар аударды. Іс-шара сонында оқушылар «Бабалар сөзі» кітаптардың мазмұнымен танысты.
Кітапханашы «Бабалар сөзі» кітаптарына ауыз әдебиеті шығармалары, ғашықтық, батырлар жыры, шежірелер, тарихи жырлар кіргізілгені туралы айтты. Бұл шығарма өте құнды. Себебі біз өткенімізбен танысуымыз керек.
Оқушыларға, бұл кітаптарды сабаққа қолданып, қажетті мәтіндерді оқуға үмітпен тілек айтты. Оқушыларға «Бабалар сөзі» парақша таратылды. 





Комментариев нет:

Отправить комментарий