Қазақ мемлекеттілігінің тарихын насихаттау мақсатында Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драм театрында Н.Островкий кітапханасының қызметкерлерінің бастамасымен «Рухы биік халықтың – тарихы мәңгілік» атауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мәдени іс-шара өткізілді.
Кітапханамыздың қорынан, еліміздің өркендеуіне және нығаюына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың, қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын баяндайтын еңбектерінен «Қазақ хандығы – мемлекеттің бастауы» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы екенін, – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқан сөздерін дәйек ететін бейнероликтер мен іс-шара толығып отырды. М. Макатаевтың «Қазақ елім» өлеңіне жасалған әдеби-музыкалық композицияға кітапханашылар мен кітапхана клубының мүшелерінің қатысуымен қойылым ұсынылды. Іс-шара барысы қос тілде жүргізіліп отырып, қазақ елінің тарихы баяндалатын жоңғар шапқыншылығымен, мәңгурт бала туралы аңыз қойылым барысында орыс тілінде баяндалып отырылды. Елдің елдігімен халықтың бірлігін сақтайтын дала заңы «Жеті жарғының» негізін салғандар Ұлы жүзден шыққан Төле би Әлібекұлы, Орта жүзден шыққан Қазыбек би Келдібекұлы және Кіші жүз Әйтеке би Бәйбекұлдарының бейнелерін кітапхана оқырмандары сомдап, сахналық көрініспен жандандыра түсті.
Ақын-жазушы, филология ғылымдарының профессоры Ақылбек Шаяхмет пен тарих ғылымдарының профессоры Исенов Өтеген Ихсанұлы қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты ой- пікірлерін білдіріп, сонымен қатар кітапхана ұжымына да жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана ұжымының орындауында Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен тәмәмдалды. Көрермендер тарих қойнауына бір сүңгігендей керемет әсерде тарқасты.
Комментариев нет:
Отправить комментарий