понедельник, 8 июня 2015 г.

      Н. Островский кітапханасы Елбасымыздың бастамасымен Мәдени Мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында халқымыздың тарихы, мәдениеті, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған «Бабалар сөзі» атты 100 томдық жинағымен,  болашағымыз жастарға таныстырып, насихаттау мақсатында «Бабалар сөзі» жинағының «Бабалар сөзі – ақылдың көзі» атты электронды тұсау кесерін ұйымдастырды. 
      Діни дастандар топтамасынан қысқаша мәліметпен бірге Мұхаммед пайғамбар туралы бейнеролик көрсетілді. Мақал – мәтелдер, қара өлең топтамаларынан да мәлімет беріле отырып, ҚМУ – нің студенті  Қауменова Алтынгүлмен Қасым Нұрсұлтанның қазақтың сөз өнері, керемет айтысқа студенттер қауымы  куәгер болды.
Көрермендер ғұрыптық фольклор топтамасынан қысқаша мәлімет ала отыра, қазақ халқының салт-дәстүрін баяндайтын бейнеролик тамашалады. Бүгінде махаббаттарын Қазақстан елі махаббат күні деп белгілеген, тарихта аңыз боп қалған қос ғашығымыз Қозы Көрпеш – Баян Сұлу  спектаклінен үзінді ұсынылды.  Қазақстанда 2007 жылдан бастау алған «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында үздік деп танылған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тағы бір мәрте жарнамаланып,  тарихи жырлар топтамасының  29-шы томынан  қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты, жүргізуші мәліметтер барымен бөлісіп, студенттер назарына «Көшпенділер» фильмі  көрсетілді. Хикаялық аңыздар топтамасынан «Қара жорға» биінің шығу тарихы жайлы қысқаша мәлімет беріліп, жастар өз бастамасымен «Қара жорға» биіне флешмоб билеп, бір көңіл көтерді. Батырлар жыры топтамасы мен ертегілер топтамасына тоқталғанда, көрермендер балалық шаққа саяхат жасап, ертегі тамашалады. «Бабалар сөзінің» 99 – 100 томдарына кезек келгенде, жүргізуші кітапхана қорының жаңадан толыққан, «Бабалар сөзі» іспеттес ұлттық фольклорымызды насихаттайтын,  «Даналық әліппесі» атты, он екі кітап пен сөйлейтін қаламнан тұратын инновациялық оқу тәрбие құралына презентация жасап өтті. Сөйлейтін қаламды пайдалана отыра, жүргізуші мен тыңдаушылар болып «Гүлдерайым» халық әні орындалды. 
        Аталған электрондық кітап көрмесі оқырманға жол сілтеуші, кітапхана қоры мен оқырман арасындағы дәнекер, алтын көпір тәріздес болғандай. «Бабалар сөзі» кітабының  көптомдығының  әр томы туралы мәліметке қаныққан жастар, ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарқасты. 












Комментариев нет:

Отправить комментарий