среда, 7 октября 2015 г.

Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Менің Шоқаным» атты республикалық мәдени-ағартушылық жоба бастау алған. Н. Островский атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері «Тектіден текті туар қайталанбас» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырып жобаға қатынасты.
 Шараны «Тұмар» клубының мүшелері, ҚМУ-нің студенттері С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», Шота Уәлихановтың  «Кадет Шоқан» деген пьессалары біріктірілген  спектакілінен үзінді алып, сахналанған көрініспен бастады. Жоба бастау алған өңір Алматы облысы, Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориялдық мұражайымен, Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен, Әулиекөл ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы білім ордасымен, және арнайы шақырылған қонақтар, Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Мақанов Жанділдә Қожахметұлы, Шоқан Уәлихановтың шығармашылық жолын, еңбектерін зерттеген бірден-бір кісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, ҚМПИ-ның доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Исенов Өтеген Ихсанұлы.









Комментариев нет:

Отправить комментарий