Қазақстан халқы Ассамблеясының және ел Конституциясының 20 жылдығына байланысты Мемлекет басшысы 2015 жылды «Ассамблея жылы» деп жариялады. Осыған орай Н. Островский ат. кітапхана қызметкерлері «Қазақстан халқы – достық отбасы» атты тақырыпта әр ұлт өкілдерін жинап, қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Бұл ұйымдастырылған басқосуда қонақтар өз ұлтының озық дәстүрлерін, мерекелерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын көрермендерге таныстыра отыра, өз ана тілдерінде ән шырқап,өлең оқып оқырмандардың қошеметіне бөленді. ҚПК өнер факультетінің студенттері Рыспаев Жалғас пен Мешітпаев Сағындық ағылшын тілдерінде ән шырқап көңілінді бір көтерді. Жүргізушілердің бастамасымен оқылған «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!», деген Мұқағали Мақатаевтің өлеңі, мерекелік шараның тұздығы болғандай.
Қос тілде өткен іс – шараға арнайы «Халық ассамблеясы – бейбітшілік нышаны» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Елімізде барша ұлттың ойынан шыққан, қазақ халқының көз қуанышы, бақытына айналған өнері «Қара жорға» биін флешмоб түрінде көрермендер мен қонақтар болып билеп, бақытты сезімге бөленіп тарқасты.
Комментариев нет:
Отправить комментарий