5 сәуір күні «Строительный» ҚБ Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесіне арналған «Тағзым саған, Ұлы Жеңіс» онлайн-кездесу өтті. Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп бізбен байланысқа шықты. Затобол орта мектеп-интернатының кадет оқушылары 2008 жылы «Ізденіс» тобын құрды. Олар өз жұмыстарын қөрсетті. Жұмыста блокаданы қорғау және босап шығу кезіңде қайтыс болған отандастарымыз, ұрыс даласында қайтыс болған жерлестеріміз және олардың ұрпақтары жайлы терең мәліметтер іздестіріліп, жинақталған. Ұлы Отан соғысының ардагері Алдабергенов Қасымхан Алдабергенұлы, Жұмабаев Бахытжан Ниязғұлұлы «Ата» қоғамдық қорынан тыл иегері, Каримова Анна Евсеевна балалардың жасап атқан жұмыстарына жоғары баға беріп, ізденіс жұмыстарын тоқтатпауға сұрады.
Іс-шарада Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан майдангерлерге 1 минут үнсіздік жарияладық!
Ардагер бәрімізге ақ батасын берді. «Ата» қоғамдық қорынан ардагерге сыйлыққа шапан берілді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий